27.05.2024, 23:17
Оқылды: 44

Теректілік жастардың ойы ұшқыр

Ой-қиялы ұшқырлар жетістік пен аламанның ұшар басында тұрады. Білім үйренуден жарысатын ғасыр талабы – үздіксіз оқу мен іздену. Мұны Теректі ауданының жастары әлдеқашан түсініп қойғандай. Өйткені өлкемізде зияткерлік сайыстары мен ойындары тұрақты түрде өтеді.

FB_IMG_1716913764326

Оған мұрындық болатын да осы жастар. Бүгін әдеттен жаңылмаған аудан жастарының ұйымдастыруымен «IQ Теректі» атты қазақша куиз сайысы өтті. Аудандық «Іс үшін – За дело» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұрлан Жасұланов теректілік жастардың ғылым-білімге құштарлығын, әрдайым тыңнан түрен салуға ұмтылыстарын айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Долин ауылдық округінің жетекші маманы Ерхат Шмитов аталмыш доданы ұйымдастырудың басы-қасында жүрген. Сайысты өзі тізгіндеп, ережелерімен түсіндіріп өтті.

FB_IMG_1716913768174

Біліктілікті анықтайтын сайысқа «Сақшы», «СМИ», «Бірлік», «Долин жастары», «Феникс», «Сұңқар 22», «Жалын», «Шаған жастары» командалары қатысты.

Шапшаңдық пен логиканы талап ететін сайыс бес кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде қатысушыларға экраннан тест сұрақтары көрсетілсе, екінші кезеңде суреттерден сөз құрау тапсырмасы берілді. Екі кезеңнің өзі қатысушыларға оңайға соқпады. Сұрақтардың ыждағаттылықпен құрастырылғаны көрініп-ақ тұрды.

FB_IMG_1716913757020

Ал үшінші кезең «Тұлғаны таны», төртінші кезең «Алтын қорапша», бесінші кезең «Бәс» деп аталды. Нәтижесінде жүлделі 3-орынды «Жалын», 2-орынды «Долин жастары», 1-орынды «Сұңқар 22» тобы иеленді.

FB_IMG_1716913782174

Жүлдегерлерге ұйымдастырушылар атынан алғысхат пен естелік сыйлықтар табысталды.

Ақтілек Әлібек,

Теректі ауданы

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале