5.07.2018, 15:43
Оқылды: 48

Теректілік «Жұлдыздың» Елорда тойына тартуы  

 

Terekta zhulduzТүрлі байқауларда Теректі ауданының ғана емес, Батыс Қазақстан облысының да намысын абыроймен қорғап жүрген «Жұлдыз» үлгілі би ансамблі күні кеше Қазақстанның атын жаһанға танытып, халықаралық байқауда жеңімпаз атанды.


 

Тарқатып айтар болсақ, Ресей Федерациясының Сочи қаласында өткен ХХХІV халықаралық «На творческом Олимпе» атты байқауына әртүрлі мемлекеттерден келген 300-ден астам таланттылар мен талаптылардың арасында теректілік «Жұлдыздың» мың бұралған бишілері би ұжымы І орынды жеңіп алып, еліміздің көк байрағын желбіретті.

Би ұжымының жетекшісі Жанар Тайшыбаеваның айтуынша, би додасында 58 би назарға ұсынылып, қазылар алқасы гала-концертке тек 12 биді ғана өткізген. Соның арасында «Жұлдыз» орындаған «Ақбаян» мен «Мереке» бар. Сонымен қатар «Жұлдыздың» бишілері киген қазақтың ұлттық киімі байқау қорытындысы бойынша «Ең үздік сахналық киім» аталымын да жеңіп алды. Бұл орайда би ұжымының жетекшісі Жанар Жеңісқызы ұдайы байқауларға жіберіп, қолдау білдіріп отыратын, сахналық костюмдердің сапалы болуын басты назарда ұстайтын аудан әкімшілігіне және Теректі ауданының әкімі Кәрім Жақыповқа ризашылығын білдірді.

Жұлдызы жарқырап оралған «Жұлдыз» бұл жеңісін Елорда тойына арнап, тамаша тарту жасады.

 Әділет ОРЫНБАСАРОВ

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале