27.04.2021, 23:37
Оқылды: 53

Теректіліктер көшет отырғызды

Көктем келісімен айналаңа ұқыптылықпен қарап, тал-терек отырғызу - елімізде игі дәстүрге айналып келеді. Аталмыш сауапты іске теректіліктер де үлес қосты.

C3B94D6E-9275-4537-83C4-93A7B785A4C8

Аудан орталығында Федоров қазақ мектебі, Достық үйі, мәдениет үйі, Федоров №1 ЖОББМ, аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешені, "Ақжелкен" және "Ақбота" балалар бақшасы секілді ұжымдар көшет отырғызды.

Мысалы, мәдениет үйі ауласына 10 түп қарағай мен 10 түп шырша отырғызылып, оған ұжым тегістей жұмылдырылды.

Аудан әкімі Арман Өтеғұлов пен аудандық мәслихат хатшысы Әлжан Нұрғалиев мәдениет үйіне арнайы ат басын бұрып, игі шараға атсалысты.

-"Бір тал кессең, он тал ек" дейтін қазақпыз. Тал-терек егу, көшет отырғызудың пайдасы өте зор. Ол кез келген орынға сәндік қосып, денсаулыққа да өз әсерін тигізеді. Аудан тұрғындары аулаларын жинастырып, үйінің жан-жағына осындай көшеттерді отырғызса, оны ұл-қыздарымен күтіп баптаса жақсы емес пе? Бүгінгі шара сонысымен маңызды деп ойлаймын. Ауданымыз тегіннен-тегін "Теректі" деп аталып тұрған жоқ. Сол атауға әмәнда сай болуымыз қажет,- деді Арман Кәрімұлы өз сөзінде.

Аталмыш сауапты шара аудан бойынша барлық ауылдарда ұйымдастырылғанын атап өткен абзал.

 Әділет Әлібекұлы,

Теректі ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале