20.11.2022, 8:32
Оқылды: 25

Теректіліктер саяси науқанға атсалысуда

Теректі ауданының Шалқар ауылдық округіндегі сайлау учаскелері бойынша кезектен тыс Президент сайлауы басталды. 

шалхар 7

Таңғы сағат 7.00-де №397 Сарыөмір ауылы  сайлау учаскесінде мемлекеттік Әнұран ойналып, учаске салтанатты түрде ашылды.

Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Мұрадым Махсотов сөз сөйлеп, сайлаудың әділ өтетініне жауап беретінін айтты.

шалкар 7

Сайлау учаскесінің ашылу уақытында келген ауыл тұрғыны Ерлан  Сағынбаев бірінші болып өз таңдауын жасады.

Округ аумағындағы  №396 және  №398 Дуана сайлау учаскелерінде де белгіленген уақытта жұмыс басталды.

Айта кету керек , №397 сайлау учаскесінде  821 тұрғын,  №396 - 84, №398 - 91 адам өз таңдауын жасамақ. 41 адам үйден дауыс береді.

Балнұр Қуанышқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале