25.05.2024, 20:05
Оқылды: 106

Тереңкөлдік түлектер тартуы туған жерін қуанышқа бөледі

Бүгін мамырдың жиырма бесі. Бүгінгі мамыражай мамыр маңызды да, игі ісімен ерекшеленеді. Бұл күннің киелі Казталов ауданы үшін ерекше күнге айналғанына да біраз жыл болды.

3

Бүгін туған елге, өскен мекенге, білімнің ыстық ұясына  сан түлектің тоғысатын күні. Бүгін елінің кірпіші болып қаланған әр перзенттің туған еліне туын тігіп, туған жерде өз қолтаңбаларын  қалдыратын күн.

Мамыражай мамыр Қосөзенде қоныс тепкен әр перзент үшін осындай дүниелерімен құнды болып тарихта сақталмақ.

Иә, дәл осындай атаулы күн Тереңкөл ауылында да бастау алды.  Мектеп бітіргендеріне 20, 40 жыл болған тереңкөлдік түлектер туған ауылындағы салтанатты шараға қатысып, өз тартуларын табыстады.

Атап айтар болсақ, 2004 жылы мектептен түлеп ұшқан түлектер  орталыққа ту тұғыры мен мемлекеттік рәміздерін табыстаса, 1984 жылғы мектеп түлектері мәдениет үйінің жанына сахна орнатты.

Салтанатты шарада әр жылғы түлектер өздерінің  ыстық лебіздерін білдірді.  Қос нысанды ауыл ақсақалдары мен ардагер ұстаздары ашып, халыққа пайдалануға табыстады.

Ел игілігі жолында атқарар істеріңіз арта берсін, түлектер!

Жұлдыз Асқар,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале