21.09.2020, 18:39
Оқылды: 70

Тікелей эфирге Бәйтерек аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы шықты

21 қыркүйек күнгі «Adal komek» жобасы аясындағы тікелей эфирге Бәйтерек ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Қайрат Жұмағалиев шықты. Ол аудандағы сегіз ай көлеміндегі атқарылған жұмыстарға тоқталды.

IMG_7923

- Жыл басынан бері ауданымызда 41 табиғи және техногендік төтенше жағдай тіркелді. Оның салдарынан жарақат алу фактілері орын алмағанымен, 1 адам қаза болды.

108 нысанның өртке қарсы жағдайы тексерілді. Тексеру барысында 1027 өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау фактісі анықталды. 122 тұлға (жалпы сомасы 10 967 335 теңге) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

2019 жылы 124 нысан тексеріліп, 1030 ереже сақтамау тіркелген.  Әкімшілік жауапкершілікке 95 адам тартылған.

Жылыту маусымы басталған кезеңде, яки 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жеке тұрғын үйлерде  66 өрт тіркелді. Соның салдарынан 2 адам қаза болып, 1 адам жарақат алды. 2018-2019 жылдардағы жылыту маусымында жеке тұрғын үйде 58 өрт тіркелді, - дейді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы.

 

Нұрлыбек Қыдырғалиұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале