Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай Бәйтерек ауданының орталығы Переметный ауылына қарасты Қаражар елді мекенінің кітапханасы «Тіл – достықтың тірегі» атты кездесу кешін ұйымдастырды.
Ана тіліміздің мәртебесін арттырып, ауыл азаматтарын кітап оқуға шақыру және ақын-жазушыларымыздың шығармашылығына деген қызығушылықты арттыру мақсатында оздырылған шараға қаражарлық ағайын белсенді қатысты.
Кеш барысында ауыл мектебінің оқушылары ана тілі, Отан туралы өлеңдер оқып, кездесу сәнін кіргізсе, үлкендер жағы «Ана тілім – ардағым» атты кітап көрмесін тамашалап, оқулықтарға шолу жасады.
Көпшілік кітапханасы қорындағы Ш.Сарыбаевтың «Қазақ тіл білімінің мәселелері», «Әлем халықтарының мақал-мәтелдері», Ф.Оразбаеваның «Ой өрнегі мен сөз», «ХХ ғасыр басындағы қазақ тілі», Ө.Айтбайұлының «Тілтірек» сияқты кітаптарын қызыға оқыды.
Арал Болпышұлы,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz