7.09.2020, 17:44
Оқылды: 72

Тіл жанашырлары марапатталды

Бүгін Шыңғырлау ауданы әкімдігінде Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен шара өтті. Онда ауданымызда ана тілінің шоқтығын биік көтеріп, қоғамда да, отбасында да, жұмыс орнында да тіл саясатын жүргізуге ат салысып келе жатқан бір топ қызметкерлер марапатталды.

til merekesi1

Нақтырақ айтсақ, Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының, аудан әкімі, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі атынан берілген алғыс хаттарды алғандар қатарында халықтық «Торыатбасы» фольклорлық ансамблінің музыкалық жетекшісі Айдос Исекенов,  халықтық «Шаңырақ» театрының режиссері Жалғасбек Мырзагереев, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры Нұрлыбек Қайыржанов, Шыңғырлау  және Л. Қылышев атындағы орта мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Айнұр Сұлтанғалиева мен Алмагүл Қажғалиева бар.

til merekesi2

Сонымен қатар өскелең ұрпаққа ана тіліміздің бай мұрасын насихаттап, әр сабағын ұлт жанашыры ретінде ұлттық мұраға негіздеп өткізіп келе жатқан Шыңғырлау және Л.Қылышев атындағы орта мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Мариям Иралиева мен Шахиджамал Боранбаева да марапатқа лайық деп табылды.  Осындай құрмет аудандық  кітапхананың кітапханашылары Галина Гончарова мен Мөлдір Жайымоваға, Л. Қылышев атындағы орта мектептің музыка пәнінің мұғалімі Құралай Алпысбаеваға да көрсетілді.

Шараға қатысқан аудан әкімі Ә.Мұханбетжанова олардың баршасына өзінің ізгі тілегін жеткізді.

                                                                                            Назым Айқын, 

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале