10.09.2021, 11:08
Оқылды: 72

Тіл жанашырлары марапатталды

Шыңғырлау ауданындағы «Рухани жаңғыру» кеңсесінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қазақстан халқы тілдері күніне орай мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» атты шара өтті.

 т2

Шараға аудан әкімі Ә.Мұханбетжанова қатысып, тіліміздің ұлтаралық қатынас құралына айналуы жолында еңбек етіп жүрген тіл жанашырларына алғыс білдірді.

Сондай-ақ, аудан әкімі Әлия Биғазықызы қазақ тілінің мәртебесін көтеруге ат салысып жүрген, өңірімізде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға, мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайту бағытында облыстық түрлі шараларға қатысып, қолдау білдіріп, қоғам алдында азаматтық белсенділік танытқаны  үшін Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының Алғыс хатын Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі С.Байтеноваға, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ө.Бекениязовқа  табыстады.

т1

Сонымен қатар, аудан әкімі, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің атынан берілген алғыс хаттарынааудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұжымы,  Шыңғырлау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ж.Тулепов, Шыңғырлау орта жалпы білім беретін мектебінің  мұғалімі С.Куписова, Сегізсай негізгі орта білім беретін мектебінің директоры А.Қожаниязова, аудандық экономика және қаржы бөлімінің машықкері Р.Андреева ие болды.

Шара мәдениет үйінің өнерпазы А.Қалиевтің орындауындағы «Қазақ тілі» әнімен қорытындыланды.

 

Б.Баймағамбетова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале