31.08.2026, 17:15
Оқылды: 8

Тіл жанашырларының тағылымды алаңы

Бүгін аудандық орталықтандырылған кітапхана залында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Тіл – тұтастық туы» атты аудандық әдістемелік тәжірбие алаңы өткізілді. 
WhatsApp Image 2026-08-31 at 16.14.56
Жиынға қатысушы қонақтарды ұлттық әуенмен қарсы алып, қазақи дәстүрге сай меймандарға ақ ұсынылып, ыстық бауырсақтар берілді. Кітапханашылар Ақерке Габдуллина мен Лунара Садырова шараның шымылдығын ашып, «Ана тілім», «Қасиетті тіліңді сақта, балам» өлеңдерін нақышына келтіре оқыды. Тіл жанашырлары бас қосқан кеште алғы сөз аудан әкімінің орынбасары Руслан Қонысбайұлына беріліп, ол жалпыға ортақ Қазақстан халқының тілдері күні мерекесімен құттықтап, ана тілімізді дамыту мен мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға өз үлестерін қосып жүрген белсенді мекеме мамандарын марапаттады.
Әрі қарай, айтулы мерекемен қатар дүниеге келген күні тұспа-тұс келген ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының өмір деректерінен бейнешолу көрсетілді. Содан соң, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Ақдинаш Утеева «Мемлекеттік тіл құқықтарын арттыру бағытындағы атқарылатын жұмыстар» тақырыбындағы баяндамасын оқығаннан соң, қатысушылар оның Орал қаласы әкімдігі ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Ана тілім - арым» атты мемлекеттік қызметшілер арасында өткен байқауда жарияланған бейнебаянын тамашалады.
Қазақ тілін цифрландыру бағытындағы жаңа жобалар мен жасанды интелект мүмкіндіктері жайлы «Тіл үйренудің заманауи әдістері» тақырыбында сөз кезегі Жаңақала ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Данияр Нысанғалиев пен №3 ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айжанат Бауыржанқызына берілді. Әрі қарай, әдістемелік алаң «Мемлекеттік тіл – қызмет тілі» тәжірбие сағатына ұласып, ортаға 3 адамнан 2 топ құралды. Қатысушыларға грамматикалық және орфографиялық сұрақтар қойылып, практикалық тапсырмалар орындалды.
 Содан соң, білім мен тапқырлықты ұштастыратын «Қазақша Quiz» ойыны ойнатылып, бөлім басшысы Ақнұрлы Нұрғалиева сөз сөйлеп, тартысты жарысқа ат салысқан қатысушыларға «Тіл жанашыры» мүсіншесін табыс етті. Осылай игі шара өз мәресіне жетті.
Ақерке Мәлікқызы,
Жаңақала ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале