12.11.2024, 15:41
Оқылды: 82

«Тіріде рахатын көру керекпіз»

Қазіргі таңда жастар, тіпті егде жастағы адамдар ауылдан қалаға көшіп, өздеріне жайлы өмірді іздейді. Шыны керек, көбінің санасында ауылдың үйлері саманнан салынған, аласа, тәуір жуынатын жері жоқ, тіпті дәретханалары да сыртта орналасқан деген түсінік қалыптасты. Иә, ауданда ондай үйлер баршылық.

үй

Дегенмен, қазіргі заманда халық жақсыға бейімделіп, қолайлы жағдай жасауға тырысады. Орталықты айтпай-ақ қояйын. Тіпті, Борсы ауылына қарасты Тегісшіл елді мекенінде тұратын Қазбек Ысқақов ағамыздың мықты ұстанымы мен қаладан кем түспейтін үйі бізді таң қалдырды. Заманауи үлгіде салынған  тұрғын үйге 40 млн теңге қаржы жұмсалған. Жобасы да, дизайны да үйлесім тапқан үйде Қазбек ағамыз зайыбымен бірге ұлы Жасұлан Закаев пен келіні тұрады.

- Шаруамыз дөңгеленіп жатыр. Аллаға шүкір, ештеңеден таршылық көріп жатқан жоқпыз. Қазір ауылдарда барлық жағдай бар. Ауыл газ, ауыз су, жарықпен қамтылған. Жайлы өмір іздеп, қалаға көшетіндерді түсінбеймін. Сол жайлылықты жасап алу, әр адамның қолында. Тіріде шаруаның рахатын көрмесек, қай уақытта көреміз, - дейді Қ.Ысқақов.
Расында да, бағып отырған малымыздан қайыр көрмесек, оны не үшін бағасың деген сауалға келесің. Аядай ғана ауылда қаланың үйлерінен кем түспейтін баспананы салып алу, тілек пен ниет болса, әр тұрғынның қолында. Қазбек ағаның бұндай ісі басқаларға үлгі боларлықтай.
Шаңырақтың іші тек жақсылыққа толы болсын дейміз.
Гүлзара МӘДИ
Жәнібек
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале