9.12.2020, 14:41
Оқылды: 24

Тиыннан теңге құраған шыңғырлаулық жас кәсіпкер

Ауылда тұрып-ақ, кәсібін ашып, кіріс көзін таба білген көпбалалы ана Динара Черниязова  бала күтімімен отырса да «Алмир» жеке кәсіпкерлігін ашып, түрлі фотосуреттерді шығару, ескі суреттерді жаңарту, құжаттарға фото түсіру секілді қызметтерді жүзеге асырады.

фото жасаушы1

Тиісті құрал-жабдықтарды сатып алған Динара үнемі ауылдастарының сұраныстарын жоғары сапада жүзеге асыруға тырысады.

- Бала кезімдегі арманым – фотограф болу болатын. Азда болса күнделікті табыс келіп отырады. Үйде отырған соң мектеп жасындағы балаларға көңіл бөліп, сабақ үлгерімін қарап отырамын, - дейді төрт баланың анасы Динара Нұрланқызы.

Тиыннан теңге құраған жас кәсіпкердің берекелі ісі өрге баса берсін демекпіз.

 

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале