Наурыз мерекесі күні Шолақаңқаты ауылдық округінің орталығы Тоғанаста «HALYQ DUKENI» атты жаңа азық-түлік дүкені ашылды.
Оралдық кәсіпкер Зульфия Абдульманованың ауылдан дүкен ашудағы негізгі мақсаты – тұрғындарға күнделікті тұтынатын тауарларды қолжетімді ету әрі тиімді бағада ұсыну. Азық-түліктен бөлек, шаруашылық тауарларын сататын жаңа дүкеннің төлемді банк қосымшалары арқылы қабылдауға да мүмкіндігі бар.
-Ауылымызда 3 дүкен бар еді, Ұлыстың ұлы күні тағы бір сауда нүктесі іске қосылды. Кәсіпкерлік нысан 2 ауылдасымызға жұмыс орынын ұсынып отыр. Дүкен сөресіндегі азық-түлік, әсіресе әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасы төмен болады деген сенімдеміз. Қайткен күнде де, бәсекелестік ортада баға тұрақтанады. Зульфия ханым болашақта қайырымдылық шараларына да атсалысуға де ниетті, – дейді округ әкімі Ерлан Журалиев.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz