Теректі ауданының Подстепный ауылдық округіне қарасты Тоқпай ауылында үш қабатты 20 тұрғын үй салынып жатыр. Айта кетейік, құрылысы әу баста 2020 жылы басталып, жоспар бойынша 2021 жылы аяқталуы тиіс еді.
Десек те Тоқпайдағы тұрғын үй құрылысы тоқтап тұр. Себеп көп — құрылыс материалдарының кешеуілдеуі һәм қаржы мәселесі, қала берді, жобадағы өзгеріс. Мінекей, осы шаруалар құрылыстың жүруіне тұсау болды. Қаржы демекші, жыл сайын республикалық және жергілікті бюджеттен ақша да бөлінген.
Аталмыш ауылға облыс әкімі Нариман Төреғалиев келіп, жұмыстың жәй-жапсарымен танысты.
Шаруаның басы-қасында жүргендермен жүзбе-жүз кездесіп, мән-жайды анықтады. Тексеріс барысында облыс әкімі бір үйді 2 ай ішінде аяқтауды тапсырса, ал екінші үй бойынша мердігерге заң аясында шара қолдануды тапсырды.
Айшабибі Мәмет,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz