10.11.2022, 14:46
Оқылды: 36

Тоқсан сайынғы кездесу

ҚР Президентінің ағымдағы жылдың 3 наурыздағы әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы Жарлығын іске асыру мақсатында барлық деңгейдегі әкімдер жергілікті тұрғындармен жаңа форматта тоқсан сайын кездесулер өткізу керек болатын. Осы орайда аудан әкімі Азамат Сафималиев Талов ауылдық округіне қарасты Майтүбек елді мекенінің тұрғындарымен кездесіп, өткен тоқсандағы кездесудегі көтерілген мәселелердің орындалуы жөнінде айтып өтті.

WhatsApp Image 2022-11-10 at 10.59.19

Ауыл тұрғындары елді мекенге қатысты сұрақтарын қойды. Мәселен, ауыз су, қыс мезгілінде жолды күтіп ұстау, медициналық пункт және электр жарығы мәселелері сөз болды. Аудан басшысы көтерілген мәселелер бойынша жауап беріп, алдағы уақытта оң шешімі болатынын жеткізді.

WhatsApp Image 2022-11-10 at 10.59.19 (1)

Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале