11.03.2026, 15:45
Оқылды: 42

Төл тарихты түгендеген той басталды

Бүгін  Орал қаласындағы “Атамекен” өнер ордасында “Бөкей ордасы - тұңғыштардың мекені” атты көрме мен мерекелік концерт өтті.

IMG-20260311-WA0061
Бірден айталық, Бөкей хандығының 225 жылдығына арналған іс-шаралар тек бір күнмен, бүгінгі шаралармен шектелмейді. Үлкен той алда.

IMG-20260311-WA0068
Бұл туралы "Атамекен" өнер ордасында болған салтанатты шарада облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің өзі айтты. Жұртшылықты айтулы күнмен құттықтаған өңір басшысы үлкен тойдың қыркүйекке жоспарланғанын, тойға дайындық жұмыстары 2023 жылдан басталып, ауылдың жолы, мектебі мен мәдениет үйі жөнделіп, су жаңа ғимараттар бой көтергенін айтып өтті. Шараға  ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, аудан әкімі Нұрлыбек Даумов, зиялы қауым өкілдері, облыс тұрғындар мен қонақтары, барша бөкейліктер қатысты.

IMG-20260311-WA0077
Шара меймандары алдымен хандықтың тарихына негізделген көрмемен танысты.

IMG-20260311-WA0040
Кейін театр және кинорежиссері, кинодраматург, өнертану профессоры, Қазақстанның халық әртісі, Парасат, Құрмет ордендерінің иегері Талғат Теменовтің  "Жәңгірдің жаңғыруы" атты деректі фильмін тамашалады.

IMG-20260311-WA0069 IMG-20260311-WA0065 IMG-20260311-WA0051

Сахна төріне көтерілген өңір басшысы Нариман Төреғалиев, ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев сөз алып, жиналған қауымды тарихи күнмен құттықтады. Облыс басшысы хандық тарихын таспалаған режиссер Т.Теменовтің иығына шапан жауып, сыйкәде табыстап, құрмет көрсетті.

IMG-20260311-WA0058

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Көрермен қауым назарына театрландырыланған қойылым мен күй тартыс, әуезді ән мен мың бұрылған би ұсынылды. Концерттік бағдарлама барша бөкейліктердің гимніне айналған “Орда - туған мекенім” әнімен тәмамдалды.

Анар Артықбай

Суретке түсірген Әділет Абдиров

Бөкей ордасы ауданы

IMG-20260311-WA0098 IMG-20260311-WA0056 IMG-20260311-WA0087 IMG-20260311-WA0093 IMG-20260311-WA0041 IMG-20260311-WA0049 IMG-20260311-WA0055 IMG-20260311-WA0060 IMG-20260311-WA0099 IMG-20260311-WA0080 IMG-20260311-WA0074 IMG-20260311-WA0044

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале