15 қараша – Ұлттық валютамыздың айналымға енген күні. Осы бір айтулы күнге орай Дарияан ауылындағы Абай атындағы мектеп-гимназия-интернатының тәлімгері Айдана Асхатқызының ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Ұлттық валюта күніне орай «Төл теңге – Тәуелсіздік тірегі» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды.
Көрмеге ҚР Ұлттық валютасы теңгенің шығу тарихы көрсетілді. Ең алғаш айналымға шыққан қағаз ақшаларда еліміздің атақты тұлғалары бейнеленгенін көрген оқушылар таңданысын жасырмады. Одан бөлек монета түрінде шыққан тиындар үлгісі де көпшілікке ұсынылды. Ұйымдастырушылар көрме тамашалаған жандарға монеталардың материалдары туралы мәліметтер айтып өтті.
Бір сөзбен айтқанда оқушылар төл теңгеміз туралы жаңа мәліметтер алып, өздерінің білімдерін жетілдірді.
Камила Ситказиева
Бәйтерек ауданы мектептерінің ұланбасы