16.11.2021, 11:13
Оқылды: 174

Төл теңге - Тәуелсіздік тірегі

15 қараша – Ұлттық валютамыздың айналымға енген күні. Осы бір айтулы күнге орай Дарияан ауылындағы Абай атындағы мектеп-гимназия-интернатының тәлімгері Айдана Асхатқызының ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Ұлттық валюта күніне орай «Төл теңге – Тәуелсіздік  тірегі» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды.

IMG-20211115-WA0072

Көрмеге ҚР Ұлттық валютасы теңгенің шығу тарихы көрсетілді. Ең алғаш айналымға шыққан қағаз ақшаларда еліміздің атақты тұлғалары бейнеленгенін көрген оқушылар таңданысын жасырмады.  Одан бөлек монета түрінде шыққан тиындар үлгісі де көпшілікке ұсынылды. Ұйымдастырушылар көрме тамашалаған жандарға монеталардың материалдары туралы мәліметтер айтып өтті.

IMG-20211115-WA0071

Бір сөзбен айтқанда оқушылар төл теңгеміз туралы жаңа мәліметтер алып, өздерінің білімдерін жетілдірді.

Камила Ситказиева

Бәйтерек ауданы мектептерінің ұланбасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале