2.07.2023, 21:08
Оқылды: 39

Топқа кірер жігіт бар, тұлпар жоқ…

Кеше Орал қаласында 2006 - 2008 жылы туған жасөспірімдер арасында ұлттық ат спортынан Батыс Қазақстан облысының чемпионаты аяқталды. Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен БҚО ұлттық спорт федерациясы ұйымдастырған жарыста бозұландар ат үстінде күресіп, көкпар тартысып сынасты.
6BD710D0-6C23-4251-B350-DA403917C737

Соның ішінде, Сырым ауданының құрамасы - яғни, А. Шайхиев атындағы Сырым аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің аударыспақ үйірмесінің шәкірттері жоғары табыстарға қол жеткізген.

Атап айтсақ, 42 келі салмақ дәрежесі бойынша Ершат Нариман ІІІорынға, Нұрсұлтан Өтепов 65 келі дәрежесі бойынша ІІ  орынға ие болса, Саят Ғабдрахимов 77 келі салмақтағы балуандар арасында үздік үштікке енді.
E1CA33C2-11F9-4B50-84B5-8C7FBFD2A17C
Ал, 54 келі салмақ дәрежесі бойынша өткен сында жүлдені бірыңғай Төлеби Қайыржановтың оқыранған ат мінген оқушылары бөлісті. Қарсыласын астындағы атымен бірге қозғайтын Нұршат Нариман - бірінші, Серікбай Тұрлан екінші, Диас Төлеу үшінші орын алған. 

Чемпионаттағы жалпыкомандалық есеп бойынша Сырым ауданы үшінші орынға шықты. 

Бұл - Сырым ауданындағы ат спортының жаңа табысы, атбегі, аударыспақтан ҚР спорт шебері Төлеби Қайыржановтың төл жетістігі. 

-Жігіттердің ықыласы да, жігері де керемет. Тек астарында өздеріне сай ат болса. Біздің құрамаға жақсы аттар қажет. Жылқы шаруашылығы дамыған ауданбыз, алайда топқа кіретін тұлпарымыз жоқ, - дейді Төлебидің өзі. 

Бапкердің сөзі ойландырып тұр…

Бауыржан Ширмединұлы, 

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале