19.02.2024, 16:45
Оқылды: 43

ТорIQ платформасы заман талабы ма?

Мектеп оқушылары қолданатын 86 оқулықты электронды нұсқада бір жерге жинақтаған ТорIQ платформасы – балалар үшін де, мұғалімдер үшін де  ең қолайлы көмекші.

платформа семинар

Мемлекеттік білім беру бағдарламасы аясындағы интерактивті және мультимедиалық материалдар біріктірілген «Алматыкітап» баспасының осы платформасы бүгінде оқыту үрдісіне енгізіліп отыр.

«Жақсыны үйрен» деген, Теректі ауданының Еңбек негізгі мектебінде «ТорIQ электрондық оқулықтар платформасының ерекшеліктері» тақырыбында мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарына арналған аудандық семинар-практикум өтті.

Теректі аудандық білім бөлімінің жұмыс жоспарына сай ұйымдастырылған шараға аудан бойынша ТорIQ -қа қосылған 20 мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары қатысты. Семинарда «Алматыкітап» баспасының вице-президенті Гүлнұр Серікқызы ТорIQ электрондық оқулықтар платформасының ерекшеліктері туралы толық мәлімет берді. Платформаны қолдану жайында қойылған сұрақтарға жауап берді.

Пойма мектебінің мұғалімі А.Насекенова, Еңбек мектебінің мұғалімдері Н.Мұратова мен Г.Ажуова ТорIQ платформасын қолданып, ашық сабақтар өткізді.

 

Гүлстан Сатыбалдиева,

Теректі аудандық білім бөлімінің әдіскері

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале