29.05.2024, 23:56
Оқылды: 61

Төрт теректілік «Еңбек озаты» медалімен марапатталды

Бүгін су тасқыны кезінде көпшілікке көмектесіп, белсенділік танытқан бір топ батысқазақстандық «Еңбек озаты» медалімен марапатталды. Олардың қатарында төрт теректілік бар.

IMG-20240529-WA0084

Төсбелгіні Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясың өкілдері табыстады. Айталық, «Сенім» отбасы орталығының төрайымы, подстепныйлық Анар Қайрекенова, Аңқаты жалпы білім беру мектебінің шаруашылық меңгерушісі Сабыржан Аралбаев, «Теректі» спорт клубының әдіскері Қанат Ермұханов алғысқа кенелді.

 – Биыл қыстан аман-есен шығып, көктемге шықтық-ау дегенде, облысымыздың бірқатар өңірінде су тасқыны орын алып, елді есеңгіретіп тастаған еді. Осынау қиын кезеңде жұртшылықпен бірге білек сыбана жәрдем қылдық. Мінекей, осыны басшылық ескеріп, марапатқа лайық деп танып жатқандарға ризашылығымды білдіремін. Енді мұндай жағдайлар болмасын, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, – дейді Анар Қуанышқалиқызы.

Самал Жамет,

Теректі ауданы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале