4.04.2017, 12:23
Оқылды: 67

Төрт түлік қыстан қоңды шықты

Shingirlau mal kistagi   Шыңғырлау жерінде биылғы қыста қар қалың түскенімен, соншалықты аязды, боранды болды деу негізсіз. Оның үстіне ауданымыздағы мал шаруашылығымен айналысушы шаруашылық құрылымдары қысқа тиянақты дайындалып, жем-шөбін мол жинаған болатын. Нәтижесінде 23694 бас ірі  қара, 31270 бас қой мен ешкі, 4775 бас жылқы қыстан қоңды шықты.


      Бүгінгі таңдағы  статистика мәліметіне сүйенсек, мал азығы тіпті артығымен қалып та отырған жайы бар. Оған себеп өткен жылда мал азығының жоспарын асыра орындап, ал төрт түліктің қара күзге дейін далада жайылғандығы, ауа райының қолайлылығы еді.

     Аудан көлеміндегі 38 қыстақ бойынша 9865 тонна шөп бар екен. Соның ішінде аудан орталығынан шалғайда орналасқан Алмаз ауылдық округінде 1290 тонна, Ащысайда 1050, Ақбұлақта 840 тонна, Белогорда 1270 тонна, Қарағашта 940 тонна, Лубенде 1385 тонна, Полтавада 720 тонна және Шыңғырлау ауылдық округінде 2370 тонна мал азығы  келесі қыстаққа да қалар түрі бар.

Айсұлу Муса

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале