20.11.2022, 10:02
Оқылды: 40

Төрттен бір сайлаушы дауыс берді

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы Казталов қалыпты жағдайда өтуде. Аудандық аумақтың сайлау комиссиясының таңғы сағат 9:00-де берген ақпаратына сүйенсек, ауданымыздағы 16887 сайлаушының 4158-і өз таңдауын жасап, дауыс берген.

IMG-20221120-WA0069

Бұл аудандағы 48 сайлау учаскелеріне сайлаушылардың төрттен бірі, яғни,​ 24,62 пайызы келгенін көрсетеді. Осы сағатта ешқандай құқық бұзушылық тіркелмеген.

«Ауыл айнасы» ақпарат 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале