8.01.2024, 17:15
Оқылды: 90

Төтеншеліктерде жаңа басшы

Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова төтенше жағдайлар бөлімінің ұжымымен жүздесті.

image-08-01-24-03-42-1

Күн тәртібіндегі маңызды мәселе - бұл бөлімде бірнеше жыл бойы жемісті еңбек еткен Жарас Көпжасаровтың басқа қызметке ауысуына байланысты төтеншеліктерге жаңа бастықтың тағайындалуы.

Аудан басшысы Жарас Нұрсұлтанұлының аудан халқының игілігі үшін атқарған қызметіне ризашылығын білдіріп, алғысхат табыстады.

image-08-01-24-03-42-8

Жаңа бөлім басшысын таныстыруға төтенше жағдайлар департаментінің орынбасары Анар Бейсенова арнайы келді. Ол жиылған қауымды бұйрықпен таныстырып, жаңа бастықты мамандарға таныстырды.

image-08-01-24-03-42-10

Төтеншеліктердің бастығы болып тағайындалған Нұрсұлтан Серіков 1993 жылғы 19 қыркүйекте Ақжайық ауданы Базартөбе ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді. 2015 жылы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын аяқтаған.

- 2015-2016 жылдары №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы;

- 2016 – осы уақытқа дейін БҚО ТЖД Орал қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы лауазымында қызмет атқарған.

Балнұр Қуанышқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале