16.07.2022, 22:19
Оқылды: 63

Трейл жүгіру марафонының спортшылары келді

Бүгін Жаңақала ауданында алғаш рет оздырылғалы жатқан «Нарынқұм-Жаңақала - 2022» трейл жүгіру марафонына қатысушы спортшыларды аудан әкімінің орынбасары А.Еслямғалиева, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан облысындағы өкілдігінің төрағасы Д.Мақатов, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Д.Танзенов және Жаңақала жастары қарсылап алды.

80772DE8-0F30-44C7-BACF-BC68650B99DE
Республикамыздың әр облысынан келген алпысқа жуық қонақтарға жерлестеріміз, аудандық мәдени-демалыс орталығының өнерпаздары домбырамен ән шырқап, бауырсақ пен ақтан ауыз тигізіп, қонақжайлылығын танытты. Аудан әкімінің орынбасары А.Еслямғалиева «қош келдіңіз» айтып, ертең, яғни 17 шілде күні Мәстексай ауылдық округіне қарасты құмдағы құт мекен Мұқыр ауылында өтетін жарысқа сәттілік тіледі.

2ED5B315-E3FA-4A84-A4B1-CE9F07A43413

Одан әрі ауданымызға келген делегация Д.Нұрпейісова атындағы өнер мұражайына барып, ішіндегі жәдігерлермен танысты.

Жаннұр Берікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале