22.04.2017, 14:40
Оқылды: 19

Туған жерді түлету – ортақ парыз

Screenshot_2017-04-22-14-29-46-1Бүгін Теректі ауданының Подстепный ауылында «Гүлдене бер, туған ел» атты республикалық-экологиялық жастар акциясы аясында облыс басшысы Алтай Көлгінов, аудан әкімі Мұрат Мұқаев пен орынбасарлары, «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің студентері мен ауданымыздың белсенді жастарының атсалысуымен 1000-ға жуық көшет отырғызылды.


Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, туған жерімізді көркейтуге, таза ұстауға негізделген шараға 15 округ тұрғындары түгел қатысты.
- «Көктемнің басталуы – жұмыстың қызуы» дегендей, бүгін біз Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күніне барлық ардагерлермен, жастармен қатысудамыз. Науқан барысында облыс бойынша 50 мыңға жуық тал егіледі деп жоспарлануда. Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында туған жерді көркейтуге жұмыстануды тапсырған болатын.

Расымен, аймағымызды өзіміз күтіп ұстамасақ, ешкімнің бізге қол ұшын бермесі анық. Осы орайда облыс тұрғындарына, жастарға алғыс айтамын. Баршаңызға рахмет! - деді облыс әкімі Алтай Сейдірұлы.

«ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің студенттік ректоры Нұрзада Сақтағановтың айтуынша, Теректі өңіріне 40 шақты студент келіп, сауапты іске өз үлестерін қосты.

Аягөз АЙБАРҚЫЗЫ

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале