26.05.2024, 13:00
Оқылды: 0

Туған жерге туыңды тік!

Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылындағы М.Ықсанов атындағы мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің 2004 жылы бітірген түлектер тура мағынада туған жерге ту тігіп, ауылға «Рәміздер» аллеясын тарту етті.

image-25-05-24-02-06-1 (1)

Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені. Оны қайда жүрсе де жүрегінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды.

Осы орайда мектептен 2004 жылы түлеп ұшқан 1986-1987 жылы дүниеге келген елуден аса жақсыбайлық ауылға мереке сыйлады. «Рәміздер» аллеясының ашылу салтанатына аудан әкімі Тимур Шиниязов қатысып, жерлестерді құттықтап, аллеяның құрылысына атсалысқан түлектерге өз атынан алғысхат табыстады. Соның ішінде Өмірбек Файзоллаұлы, Жангелді Өрболатұлы, Мақсот Қуанышбекұлы, Асылбек Мұхитұлы, Асылбек Ғарифоллаұлы, Нұрберген Бақтығалиұлына алғысхат табыс етті.

image-25-05-24-02-06-7

Аудан әкімі мен қариялар алқасының төрағасы Еркін Дуйтов аллеяның лентасын қиды.

- «Туған өлкеміздің әр бұрышы біз үшін қасиетті мекен» демекші, ауылға әр беріп тұрған «Рәміздер» аллеясы менмұндалап бірден ерекше көзге түседі. Алыстан атақонысына бет алған азаматтың, не болмаса демалыс үшін келген жанның, сағынышын басып Отанға, елге, жерге деген сүйіспеншілігін оятатын еркеше алаң. Тәуелсіздігіміздің іргесі берік, ұлтымыздың абыройы биік болсын деген ниетпен аспан түстес көк туымыз бұлттармен таласа көкте желбіреп тұрса, еңсесі биік елтаңбамыз бен шабыт берер Мемлекеттік Гимніміз және Қазақстан картасы бейнеленген «Рәміздер» аллеясы әрбір жақсыбайлықтың жүрегіне мейірімділік нұры мен патриоттық сезімін сыйлайтын бірден-бір орын болып отыр. Аспанымыз ашық, халқымыз аман болсын, - деп Е.Дуйтов ақ батасын жаудырды.

Ән айтылды, күй тартылып, мың бұрала би биленді.

image-25-05-24-02-06-6

Мектеп бітіргеніне 20 жыл болған Бекежан Шарафутдиновтың айуынша, аллеяның құрылысына 4 млн теңгеден астам қаражат жұмсалған екен.

- Елге қажет. Өсіп келе жатқан ұрпақты отансүйгіштікке, патриотизмге баулиды. Бүгін аллеямызды тарту етсек, ертең мереке дала қызықтарымен жалғасын табатын болады. Дала қызықтарының жүлде қоры – 2 млн 500 мың теңге. Ауыл тұрғындарын қуантып, мереке сыйлау үшін мерекелік концерт қойылып, волейболдан жарыс өтеді, - деді Бекежан Биболатұлы.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале