21.06.2023, 10:00
Оқылды: 11

Түлектер сынақ тапсырып жатыр

Биылғы 2022-2023 оқу жылында аудан бойынша 9-ыншы сыныпты 194 оқушы аяқтап отыр. Оның ішінде 20 оқушы «Үздік» аттестатқа үміткер. Қазіргі таңда 9-сынып оқушылар қазақ/орыс тілі бойынша (оқыту тілі) эссе нысанында, гуманитарлық цикл пәндерінен, математика (алгебра) бойынша жазбаша емтиханды 6-ыншы маусымда тапсырған болатын.

фото түлектер

Сонымен қатар орыс тілінде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтиханды 9 маусымда аяқтаса, таңдау пәндері бойынша жазбаша сынақтан 13 маусымда өтті.

Оқу жылында 11-інші сыныпты 111 оқушы аяқтап, 9 оқушы «Алтын белгі» белгісіне және 2 оқушы «Үздік» аттестатқа үміткер ретінде бақ сынамақ.

Қазіргі таңда мектеп түлектері бекітілген кестеге сәйкес емтихан тапсыруды жалғастырып жатыр.

                                                                                            Аида Шакит,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале