Кезінде ауылдағы орта мектепті бітірген түлектер қазір әр салада еңбек етіп, қызмет атқаруда. Туған ауылдарын, білім алған мектептерін ұмытпай, қолдау көрсетуде. Мақсат – ауыл шырайын келтіріп тұрған шағын мектептің жабылмауына үлес қосу. 2021-2022 оқу жылында Жосалы ауылдық балабақшасы Абдолла Жұмағалиев атындағы мектеп ғимаратына көшірілген болатын.
Бүлдіршіндердің дамуы үшін жақсы орта, балабақшаның жарық, жылы болуы жоғары деңгейде безендірілуі маңызды. Осы орайда мектеп балабақшасының безендірілуіне, танымдық көрнекіліктердің болуына өздерінің демеушілігін танытқан мектептің 17-ші түлектеріне, яғни 1968 жылы дүниеге келген аға-апаларына мектеп әкімшілігі өз алғыстарын білдірді.
"Сырым елі"