Бүгін Жәнібек аудандық мәслихаттың «Әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, инфрақұрылым, аграрлық, кәсіпкерлік және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы мен «Әлеуметтік саясат, білім беру, мәдениет және және спорт, денсаулық сақтау, жастар ісі, құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының» бірлескен отырысы өтті.

Оған аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов, жоғарыда аталған екінші комиссияның төрағасы Берік Ихсанов, комиссия мүшелері, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Руслан Әсетов, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мақсат Жаналиев, Жәнібек ауданы бойынша кірістер басқармасының бас маманы Зина Құбаева және ауылдық округтердің әкімдері қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде «Жәнібек ауданының 2022 жылға арналған аудандық бюджетінің атқарылуы туралы» аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Руслан Сариев, сондай-ақ «2022 жылға арналған Ақоба, Борсы, Жақсыбай, Жәнібек, Күйгенкөл, Қамысты, Талов, Тау, Ұзынкөл ауылдық округі бюджетінің атқарылуы туралы» аталған ауылдық округтердің әкімдері Нұрлыбек Жакин, Зинхар Бақтығалиев, Алмат Қаратаев, Абзал Қаратаев, Күйгенкөл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-есепшісі Фархинура Нарынова, Нұрлан Аюпов, Нұрдәулет Қыдырғалиев, Кенжебек Еркеғұлов, Бекежан Шарафутдиновтердің хабарламалары тыңдалды.
Комиссия мүшелері тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді.
Сонымен қатар комиссия мүшелеріне БҚО бойынша тексеру комиссиясының 2022 жылғы Жәнібек ауданының және тоғыз ауылдық округтің бюджетінің орындалуы туралы қорытынды ұсыным таныстырылды.
Отырыс барысында күн тәртібінде қаралған мәселелер алдағы сессияға бекітуге жолданды.
Асқар Құсайынов
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz