30.01.2023, 9:45
Оқылды: 40

Тұрғындар үшін игі бағдарлама

Жуырда Тасқала ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Батыс Қазақстан облысында «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі» бағдарламасын түсіндіру жұмыстарын жүргізетін жұмыс тобы тасқалалықтармен кездесті.

тұрғ үшін игі бағдарлама

Кездесуге аудан әкімі Бауыржан Есқайырұлы Айтмағамбетов, БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Наурызбай Қадырбайұлы Қарағойшин, БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Алпамыс Жаңабайұлы Көшкінбаев, өзге облыстық басқарма және мекеме өкілдері, аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, ауылдық округ әкімдері, аудандық мекеме және ұйым басшылары, бағдарламаға қатысуға ниет білдірген аудан тұрғындары қатысты. Аталмыш бағдарлама Жамбыл облысында сәтті жүзеге асырылған. Ендігі кезекте Жамбыл облысының тәжірибесіне сүйене отырып республика аумағында кеңінен жүзеге асырылмақ. Бағдарламаның басты мақсаты табысы аз тұрғындардың әл-ауқатын арттыру. Бағдарламада 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие беру көзделген. Бұл өз ретінде ауыл тұрғындары үшін бірден-бір мүмкіндік болып отыр. Басты шарт кепілдік мүліктің болуы және бағдарламада айқындалған бағыттарға сәйкес келу. Бағдарламаның осы және өзге де шарттарын кездесу барысында түсіндіру тобының мүшелері аудан тұрғындарына кеңінен түсіндірді.

тұрғындар үшін фото 1

Аудан тұрғындары өз тараптарынан бағдарлама бойынша сұрақтары мен сауалдарын қойып, жауаптарын алды.

Сонымен қатар, жиын барысында жұмыспен қамтудың белсенді шаралары және жастарға арналған несиелік қолдау бағыты туралы да айтылып өтілді.

Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы 

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале