5.02.2024, 17:59
Оқылды: 55

Тұрғындармен кездесті

Бүгін Қаратөбе ауданы аудан әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев Аққозы, Саралжын ауылдық округінде болып, тұрғындар алдында есеп беру жиналысын өткізді. Кездесу жиынына аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Меңдешов, аудан прокуроры Алмас Таспихов және дербес бөлім басшылары арнайы қатысты. 

image-05-02-24-05-53-1

Жиын алдымен Аққозы ауылдық округінде болды.  Есеп беру жиынында алғашқы болып сөз алған округ әкімі Қоныс Мұқанов өткен жылда атқарылған жұмыс бойынша есеп берді.

Өз кезегінде аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы аудан бойынша атқарылған жұмыс пен алда атқарылатын жұмысқа тоқталды.

image-05-02-24-05-53-11

Ауыл тұрғындары Қоржын-Қаратөбе аралығындағы жолды күтіп ұстау, өткен жылғы су тасқыны кезінде шайып кеткен жолдарды қайтадан қалпына келтіру кезіндегі жасалған жұмыстардың сапасының төмендігіне және ауыз судың берілуінің жылдан-жылға төмендеп бара жатқаны туралы мәселе көтерді.

image-05-02-24-05-53-2

Содан кейін Саралжын ауылдық округінде болып, тұрғындармен кездесті.

Кездесу барысында округ әкімі Самғат Зейнуллин өткен жылғы атқарылған жұмысты баяндады.

- Былтыр біраз жоспарлаған жұмыс жасалды. «Ауыл аманаты» жобасы аясында осы Саралжын селолық округінің де азаматы несие қаражат алып, жұмысын бастап кетті. Осы жылы да аталған жобаға қатысуға округтеріңізден азаматтар өтініш берді. Негізінен басымдықты өндіріс бағытындағы жобаларға беріп отырмыз. Сонымен қатар осы жылы Қарақамыс-Қаратөбе бағытындағы жолдың 30 шақырымын жөндеу жүргізгелі отырмыз. Оған тиісті қаражат бөлініп, мердігер анықталды. Бұйыртса алдағы уақытта жөндеу басталады. Бұл да бір қуантарлық жағдай, - деді аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы.

image-05-02-24-05-53-4

Саралжын ауылдық округі бойынша  ауыл халқы тарапынан тұрғындарды таза ауыз сумен қамту, Қарақамыс-Қаратөбе бағытындағы жолды күтіп ұстау мен түрлі сайыстарға қатысатын мектеп оқушыларын тасымалдау үшін мектептің өзіне арнайы автокөлік алып беру жөнінде ұсыныстар айтылды.

Жиын соңында аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы көтерілген мәселелер бойынша тиісті сала мамандарына тапсырма беріп, өзі қатаң бақылауға алатындығын жеткізді.

Жиыннан кейін аудан басшысы Қ.Сүйеуғалиев тұрғындарды жеке қабылдады.

Қаратөбе ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале