24-27 қаңтар аралығында Орал қаласында далалық жағдайда білім қызметкерлері арасында шаңғы туризм техникасынан облыстық «Еуропа-Азия» жарысы өтті. Аталмыш шараның мақсаты – шаңғы туризмі техникасын дамыту және спорттық шеберліктерін шыңдау, саламатты өмір салтын насихаттау, педагогттердің біліктілігін көтеру, тәжірибе алмасу.
Облысымыздан сайысқа қатысқан он команда арасында Ақжайық ауданы командасы да болып, жақсы нәтижемен оралды. Атап айтсақ, «Үздік ашық сабақ» байқауында Әди Темірболат І орын, «Байлам» қашықтығы (аралас жұп) бойынша Ә.Темірболат мен Самал Ералиева ІІІ орын иеленсе, командалық сайыста, яғни «Эстафета» қашықтығы бойынша І орын, техникалық қашықтықта ІІ орын, «Туристік тұрмыс және дағдыда» ІІІ орын, «Қысқы туристік фото» байқауында ІІІ орын, ұзақ қашықтықта ІІ орын иеленді. Туристердің қоржынындағы мол жүлде аудан құрамасын жалпыкомандалық есепте ІІ орынға көтерді.
Құрамалық командада сондай-ақ Азат Ғилман, Марат Қолғанат, Тұрар Серік, Досым Құспанғалиев, Ақтілек Маратова, Сымбат Нухановалар болып, жеңіс тұғырынан көрінуге бар күш-жігерлерін салды.
Азамат Қанапия,
Ақжайық ауданы
zhaikpress.kz