Орал қаласында 7 мен 10 ақпан аралығында облыстық «Ақшақар – 2023» жарысынан туристеріміз тағы да олжалы оралды. «Евразия» туристік-сауықтыру кешенінде ұйымдастырылған жарыс шаңғы туризм техникасының жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеру, оқушылардың туристік-спорттық шеберліктерін шыңдау және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.
Аудан командасының құрамында Тайпақ, Чапаев №1, С.Ошанов атындағы орта мектебінен, «Бітік мектеп-бөбекжай» кешені және туризм орталығынан шәкірттер жарыс жолына түсті.
Тартысқа толы бәсекенің нәтижесінде «Байлам» қашықтықта балалар тобында Төлеген Игілік, Қайырғали Әлімжан, жасөспірімдер тобында Самат Бекзат, Азат Қабылқайыр, аралас жұп арасында Сымбат Түсіп, Гүлмира Ерғали І орынға ие болды. Ал команда «Эстафета» қашықтығында ІІ орын, «Командалық таныстыру» байқауында ІІІ орын, «Ұзақ» қашықтықта І орынға табан тіреді.
Жалпы қорытынды есепте ауданның балғын туристері І орынға ие болды.
Оқушыларды жарысқа аудандық балалар-жасөспірімдер туризм орталығының қосымша білім беру педагогы Әди Темірболат дайындады.
Азамат Қанапия
Ақжайық ауданы
zhaikpress.kz