28.04.2021, 9:40
Оқылды: 125

Түркия мен Қырғызстанға жолдама ұтты

Қызылорда қаласында «Жұлдызды қадам» халықаралық онлайн байқауы өткізілген болатын. Жас актерлардың шеберлігін шыңдау мақсатындағы өнер додасына Бәйтерек ауданы Дариян ауылдық мәдениет үйі жанындағы «Ұлағат» театрының жас өнерпаздары Мария Погосова мен София Бялт қатысты.

 ж2

Театр жанрында өнер көрсеткен дарияндық қыздар байқау қорытындысында жүлделі І орынды иеленді. Енді олар байқаудың Түркия және Қырғызстан Республикасының Бішкек пен Ыстықкөл қалаларында өтетін кезеңдеріне бақ сынайтын болады.

ж3

- Байқау жақсы деңгейде ұйымдастырылған. Қашықтан өтті демесеңіз, іріктеу өте қатаң болды. Шәкірттерімнің жеңісіне қуаныштымын. Енді каранти шектеулірі алынса, Түркия мен Қырғыз елі көрерменін қуантып келмек ойдамыз, - дейді өнерпаздардың жетекшісі Асылай Көпжанова.

ж0

Жастарды өнерге баулып жүрген Асылай ханым да байқау ұйымдастырушы Ләззат Оңалбайдың атынан алғыс хатпен марапатталды.

   

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале