22.12.2022, 17:30
Оқылды: 30

Түсінік жұмыстары жүргізілді

Бүгін Жаңақала ауданы орталығында орналасқан Рухани орталық ғимаратының мәжіліс залында аудан әкімі Дархан Закарин мен аудандық полиция бөлімінің бастығы Ерген Төлемісов шетелдік автокөліктерді соның ішінде Ресей, Беларус және Армения елдерінен әкелінген көліктерді заңдастыру жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізді.

18

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ мемлекет, Біртұтас ұлт, Гүлденген қоғам» жолдауына сәйкес Үкіметке Қазақстан Республикасына ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуден өтпеген шетелдік автомобильдерді алғашқы тіркегені үшін 200 мың теңге мөлшерінде біржолғы алым төлей отырып, жария етуді жүргізу міндеті қойылды.

17

Аталған тапсырманы іске асыру мақсатында заңдастыруға жататын автомобильдерді бастапқы тіркегені үшін 200 мың теңге мөлшерінде алым төлеуді көздейтін «салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне түзетулер әзірленді және қазіргі уақытта Парламент қабылдады.

Бір мезгілде заңдастырылатын автомобильдер үшін кәдеге жарату төлемінің күшін жою бөлігінде Экологиялық кодекске түзетулер енгізіледі. Қазіргі уақытта тиісті түзетулер Парламент Сенатында қаралуда, - деді Е.Төлемісов.

16

Жиын соңында шетелдік көліктердің иелері өздерін алаңдатқан сұрақтар қойып, тұшымды жауап алды.

Р.Хамзина,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале