26.03.2020, 18:13
Оқылды: 39

Тыйымға "түкіргендер" заңмен жазалануда

Әлемдегі COVID-19 вирусының таралуына байланысты көптеген ескертулерге, кафелердегі және басқа да қоғамдық орындардағы жұмыстың тыйым салынуына қарамастан Бәйтерек ауданындағы жекелеген кәсіпкерлердің заң бұзушылықтарға барып отырғандығы анықталып отыр.

 2EF9A295-25F4-4EEA-BDE1-7330FD2A1F6B

Редакциямызға түскен мәліметке сүйенсек, аудан прокуратурасы және аудандық полиция бөлімінің бірлескен жұмысы нәтижесінде, Бәйтерек ауданының әкімдігі, сондай-ақ аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен төтенше жағдай режимінің бұзылуы анықталған.

Бәйтерек аудандық №2 соттың шешімімен «Евразия-Кемпинг» кафесінің қожайыны (К) "ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекстің 476-бабына сәйкес (төтенше жағдай режимінің бұзылуы) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 Ертай Бимұханов

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале