Президент Қ.К.Тоқаевтың Жолдауында еліміздің таяу болашақтағы бағдары айкындалды деп сеніммен айтуға болады. Ел басшысы бұрыннан айқындаған бағытынан айнымастан "Мақсатымыз- Әділетті Қазақстан құру" деп басып көрсетті.
Ол дегеніміз - "азамат - бизнес - мемлекет" арақатынасындағы түбегейлі өзгерістер, мүмкіндіктер теңдігі мен әділеттілікті қамтамасыз ету, жалпы жаңа әлеуметтік - экономикалық саясатқа көшу. Сайып келгенде түпкілікті нәтижелер - әрбір қазақстандықтың әл-ауқатының сапалы да, саналы өсуі қамтамасыз етілуі қажет.
Президенттің жаңа бастамалары, әсіресе "Ұлттық фонд - балаларға", "жастарға арналған жеңілдетілген несие", "балаларға арналған алғашқы мақсатты капитал", сот, медицина, білім беру салаларындағы бастамалары халықтың қолдауына ие болары сөзсіз. Сондықтан Жолдауды толықтай қолдаймын.
Ганмирлан Тұрғаналиев,
Тасқала аудандық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының басшысы