3.04.2024, 23:34
Оқылды: 84

«Тыныштық болсын деп тілеп отырмыз»

Кеше кешкі сағат он екі шамасында Теректі ауданына қарасты  Ұзынкөл ауылдық округінде төтенше жағдай жарияланды.

InShot_20240403_232114071

Су қоймасындағы су деңгейінің көтерілуінен ауылымызды су басу қауіпі төнді. Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, еріктілер, ауыл тұрғындары қызыл судан зардап шеккен тұрғындарды Орал қаласындағы арнайы білім беретін № 15 мектепте ұйымдастырылған эвакуациялық пунктке орналастырды.

Бірінші кезекте балалар, қариялар, мүгедектігі бар жандар жөнелтілді. Қауіпсіз аймаққа көшіру таңға дейін жалғасты. Шамамен алты жүзге жуық ауыл тұрғыны көшірілді. Олардың ішінде қаладағы тума-туыстарына барғандар да болды.

Эвакуациялық пунктте барлық жағдай жасалған. Ешқандай шағымымыз жоқ. Ауылымызда су басу қаупі сейіліп, аман-есен үйімізге оралсақ екен. Тек тыныштық болсын деп тілеп отырмыз.

Мейрамгүл Сатханова,

Ұзынкөл ауылының тұрғыны

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале