8.04.2020, 20:05
Оқылды: 96

ТЖ-ны ұқпаған «таяқ жеп» тынды

Елдегі төтенше жағдайға байланысты  Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасына пандемия кезеңінде коронавирустық індеттің әкелінуі мен таралуын болдырмау жөніндегі шараларды күшейту туралы"  қаулысы шыққан еді.

D59252F1-EBDC-4554-99EA-225E924F1DA5

Қаулыға сәйкес ойын-сауық, сауда орталықтары жабылып, бұқаралық іс-шаралар, отбасылық, салт-дәстүр іс-шаралары уақытша тыйым салынды.

Пандемия кезіндегі алдын алу, сақтану шараларын сақтамаған, қаулы талаптарын орындамаған тұлғалар жазасын алуда.

24 наурыз күні Бөкей ордасы аудандық сотымен азаматша Т.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 476- бабының 7- бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.

Жеке кәсіпкер Ж. 2020 жылдың 23 наурызында өз иелігіндегі тойхананы  жерлеу рәсімін өткізуге жалға берген. Осылайша 70-тен астам келушілердің басқосуына жол беріп, қатаңдатылған санитарлық-дезинфекциялық режимін сақталмаған. Қаулы талаптарын бұзған тойхана иесінің бұл ісі сотта қаралды.

Сот құқық бұзушының кінәсін мойындағанын және асырауында 14 жасқа толмаған баласының барын ескеріп, жол берген құқық бұзушылығы үшін азаматша Т.-ны ӘҚБтҚ-нің 476- бабының 6-тармағына сәйкес 10 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды. Төтенше жағдай талабын сақтамаған кәсіпкеріміз, осылайша «таяқ жеп» тынды.

Қаулы заңды күшіне енбегенін ескертеміз.

Ұлпан Әнуарқызы

Бөкей ордасы ауданы

 zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале