16.07.2021, 21:03
Оқылды: 8

Үгіт-насихат жұмысын бастады

25 шілдеде елімізде алғаш рет ауылдық округ әкімдерінің тікелей сайлауының өтетіні мәлім. 14 шілде күні сағат 18.00-де үгіт-насихат басталды.

3B163645-85E0-4150-AE70-9285AC58268D

Сайлауға Бәйтерек аудандық "Nur Otan" партиясынан өкілетті мерзімдерінің аяқталуына байланысты үш ауылдық округі әкімдігіне үміткер бар. Олар:  Январцев ауылдық округі бойынша Аблай Еспайұлы Жумагалиев,  Зеленый ауылдық округі бойынша Изгалий Сапарғалиұлы Давлетов, және  Чиров ауылдық округі бойынша Николай Петрович Штык.

CF2A7DFA-54EA-4A41-93BA-1A28233D4361

Олардың әрқайсысында аумақтың мүмкіндігін ескере отырып, партия қолдауымен қамтамасыз етілген нақты сайлауалды бағдарламасы тұжырымдалған. Бүгінгі күні үміткерлер және сенімді өкілдері сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, «Есіктен есікке» акциясын, ұжымдармен кездесулер, онлайн тікелей эфирлер ұйымдастырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.

Аружан Болатбек,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале