Бөкей ордасы ауданы Т.Масин ауылдық округі бойынша әкімдікке үміткер Меңдібай Қитанов және сенімді өкілі, аудандық мәслихат депутаты Айбарша Бейсова М.Бегалиева атындағы орта мектептің ұжымымен кездесу өткізіп, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
Соңғы жиырма жылда Т.Масин ауылдық округінің әкімі боп қызмет етіп келген Меңдібай Қитанов ауылдың өзекті мәселелерін жақсы біледі. Алдағы уақытта осы түйткілді мәселелер бойынша жұмыстанатынын айтып, сендірді. Атап айтқанда, 2023 жылға дейін Тереңқұдық елді мекеніне таза ауыз судың тартылуына, шаруа қожалықтарын 20-сын жазғы жайлауға шығаруға жұмыстанатынын айтты.
Алдағы төрт жылда атқаратын мәселелерді тұрғындармен бірге талқылап, олардың ұсыныс-пікірлері ескерілетіндігін жеткізді. 25 шілдеде болатын сайлауда белгіленген участоктен табылып, өзіне дауыс берулерін сұрады.
Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер