19.07.2021, 9:34
Оқылды: 14

Үгіт жұмыстары қарқын алды

Т.Масин және Саралжын ауылдық округтерінің әкімдігіне кандидат Меңдібай Қитанов пен Нарынбек Кереш ауыл тұрғындарымен кездесіп, өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды.

FB_IMG_1626623429675

Меңдібай Қитанов ауылдағы медициналық амбулаторияға барып, ақхалаттылармен кездесу өткізді.

Нарынбек Кереш "Есіктен есікке" шарасы аясында Ыссықой елді мекеніндегі "Макка" шаруа қожалығы иелері Зинаевтар әулетімен кездесті. Шаруа адамының тірлігімен танысып, алдағы болатын сайлау туралы мəлімет берілді. Соңғы жиырма жылдан бері мал шаруашылығымен айналысып келе жатырған Николай есімді азамат зейнет жасына жеткендігін айтып, қажетті құжаттарды ресімдеуге жəрдем беруді сұрады. Өз кезегінде Нарынбек Кереш тиісті органдармен бірлесіп, қолдан келгенше көмек беретінін айтып сендірді.

Сонымен бірге кандидаттардың сенім білдірген уәкілдері қоғамдық орындары, сауда нысандарына барып, сайлау туралы хабарламалар іліп, парақшалар таратты.

Анар Артықбай,

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале