20.11.2022, 16:56
Оқылды: 48

Үй жағдайында дауыс жинау әділ өтуде

Казталов ауданының сайлау комиссияларының мүшелері егде жастағы қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың шаңырағында болып, үй жағдайында таңдау жасауына мүмкіндік туғызуда. Заңбұзушылықтар орын алмас үшін комиссия мүшелерімен қатар байқаушылар да аталған санаттағы жандардың шаңырағында болды.

27

- Қазіргі қолайсыз ауа райында ақсақалдар мен ақжаулықты аналарымыздың, мүикіндігі шектеулі жандардың сайлау учаскелеріне қатынауы қиындайтыны белгілі. Бұл мәселе назардан тыс қалмай, сайлау комиссиялары мүшелері халыққа сапалы қызмет көрсетуде. Үйден дауыс беру барысында заңға қайшы әрекеттер орын алмады. Өйткені, қызметіне адал комиссия мүшелері Заң мен ережені түсіндіріп, сайлаушының құқығын атап өтті. Сайлаушылар өз еріктерімен сайлау жәшіктеріне бюллетендерін салды, - деді байқаушы Айнұр Болатқызы.

 Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале