3.11.2023, 12:30
Оқылды: 37

Үлгілі «Қыз Жібек» ансамблінің гастрольдік сапарын Ақжайық ауданынан бастады

Казталов ауданының Жалпақтал ауылынан түлеп ұшып, әлем сахнасына дейін кедергісіз өнер көрсетуге қол жеткізген үлгілі «Қыз Жібек» ансамблі Ақжайық ауданында болып, көрші ауданның тұрғындарын өнерлерімен тәнті етті.

FB_IMG_1698985578780

- Өңір тұрғындарының сұрауы бойынша біздің үлгілі «Қыз Жібек» ансамблінің аудандарға гастрольдік сапары аудан әкімдігінің қолдауымен жүзеге асып, бүгін көршілес Ақжайық ауданына келдік. Үлгілі ансамбльдің өнерін ақжайықтық ағайын өте жылы қабылдады. Қыздарымның алған әсерін ауызбен айтып жеткізуге келмейді. Бәрі тамаша өнер көрсетті. Өңір тұрғындарының шынайы шақыруын түсіністікпен қабылдап, жағдай жасаған аудан әкімдігіне өнерлі қыздарымның атынан алғысымды білдіремін. Алда тағы да шақыртулар күтіп тұр. Сәтін салса, гастрольдік сапарлар жалғасады, - дейді, үлгілі «Қыз Жібек» ансамблінің негізін қалаушы Баян Құбайқызыы.

FB_IMG_1698985606021

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале