23.08.2026, 9:50
Оқылды: 14

Үлгілі отбасының өректі өрендері

Жәнібек ауданында өтіп жатқан саяси науқан – ел болашағы үшін айтулы оқиға. Осындай маңызды сәтте ауданымыздың белсенді де өнегелі отбасылары дауыс беру учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасауда. Солардың бірі – №136 сайлау учаскесіне арнайы келген Бақтығали әулеті.

image-23-08-26-10-02

Бақтығалиевтар – ауданымыздағы көпбалалы, қарапайым әрі еңбекқор шаңырақтардың бірі. Бұл күні отбасының анасы кішкентай балаларымен бірге сайлау учаскесіне келіп, ел өміріндегі маңызды оқиғаға куә болды. Балалар әлі дауыс беру жасына жетпесе де, кішкентайынан отаншылдық пен азаматтық жауапкершілікті бойына сіңіріп өсуде.

image-23-08-26-10-02 (1)

Айта кету керек, бұл отбасы елдің ғана емес, спорттың да мерейін тасытып жүрген дарынды ұлдарды тәрбиелеп отыр. Таяуда Түркістан қаласында жасөспірімдер арасында аударыспақтан ХІV Қазақстан Республикасының чемпионаты мәресіне жеткен болатын. Еліміздің әр өңірінен келген кілең мықтылар бақ сынаған дүбірлі додада Батыс Қазақстан облысының, соның ішінде Жәнібек ауданының намысын қорғаған жас балуанымыз Нұрлысәт Бақтығали жарқырай көрінді. 42 келі салмақта өнер көрсеткен Нұрлысәт қарсыластарының бәрін шаң қаптырып, чемпион атанды.

Бұл әулетте спорттық жеңіс – дәстүрлі құбылыс. Нұрлысәттен бөлек, оның үлкен ағасы Рамазан да аударыспақтан ел чемпионы болып, көк туымызды желбіреткен.

Сайлау учаскесіне анасымен бірге қуана келген чемпиондар ел ертеңіне бейжай қарамайтын өскелең ұрпақтың жарқын үлгісін көрсетті.

Нұрлысәт Бақтығали — 42 келі салмақта аударыспақтан ХІV Қазақстан Республикасының чемпионы!

Арай Сейфолла

Жәнібек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале