1.09.2023, 12:30
Оқылды: 80

Жанна Нұржанова: «Ұлт келешегіне қатысты істе ауызбіршілік қажет»

«Ақжайық мейірімі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Жанна Нұржанова бүгінгі Жолдаудан кейінгі өз ойымен бөлісті.

1ED17CB5-90AF-48D4-81CE-3943A23570B5

Еліміздегі ең басты капитал – адам. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстан халқына жолдаған кезекті Жолдауында осыған баса назар аударды. Адам құқығына, балалардың келешегіне ешкім қауіп төндірмейтін мемлекет болып қалыптасуымыз бағытында бірқатар нақты тапсырмалар бергені, отбасының әлеуетін арттыруды көздеген біздің бірлестіктің де жұмысына салмақ үстейді.

«Жыл сайын біздің елімізде 400 мыңдай сәби дүниеге келеді. Жылдың соңына дейін Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетеді», – деген Президентіміз Үкіметке демографиялық серпілісті еліміздің бәсекелестігі тұрғысында басымдыққа айналдыруды тапсырды. Әр ұл мен қыздың бақытты және қауіпсіз балалық шағына алаңдаған Мемлекет басшысының балаға қарсы жасалған қылмыстың жазасын қатаңдатуды талап етуі барша ата-ананың көңілінен шыққаны кәміл.

«Ақжайық мейірімі» қоғамдық бірлестігін құрғанымызға көп бола қойған жоқ. Десе де екі-үш айдың ішінде біздің көмегімізге ауданның 200-ге тарта тұрғыны жүгінді. Отбасы орталығы негізінде қызмет көрсететін біздің бірлестікке келген жан әлеуметтік маман, психолог, заңгерден көмек алып, түрлі кәсіптің қыр-сырын меңгере алады. Басты мақсатымыз – әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсетіп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу. Тұрғын үй кезегіне тұру, атаулы әлеуметтік көмек алу, отбасылық кикілжіңдердің алдын алу, балаларын мектепке дайындау – міне, осындай мәселелермен келген ата-аналарға жергілікті әкімдік, кәсіпкерлермен бірлесіп, қолдан келгенше көмек көрсеттік.

Түптеп келгенде, осы атқарылған жұмыстың бәрі мемлекетіміздің байлығы адамды, отбасыларды қолдауға бағытталған. Осы тұста Жолдауда Президентіміз айтқан тапсырмалардың орындалуына бәріміз үлес қосып, белсенді болуымыз керек. Ұлт келешегіне қатысты мәселелерде ауызбіршілік пен ынтымақтастық танытқанымыз абзал.

Еліміз аман, болашағымыз жарқын болатынына және мәңгі жасампаз ел болатынымызға сенеміз! Мемлекет басшысын қолдаймыз!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале