Ұлттың байлығын, яғни қазақ жерінің асты мен үстіндегі байлықты әрбір отбасының пайдалануы туралы ұзақ армандадық қой. Міне, арманымыз енді іске асатын болды. Ұлттық қордағы кірістің 50 пайызы 18 жасқа дейінгі балалардың шотына аударылады дегенге таң-тамаша қалғаным рас.
"Әрбір отбасы елдің ұлттық байлығын пайдаланудан нақты табыс алуы керек. Сондықтан мен жариялаған Балалар жылы аясында жаңа "Балаларға арналған ұлттық қор" бағдарламасын іске қосуды аса маңызды деп санаймын. Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызын балалар 18 жасқа толғанға дейін мерзімінен бұрын алу құқығынсыз арнайы жинақ шоттарына бөлуді ұсынамын. Кәмелеттік жасқа толғаннан кейін жинақталған сома тұрғын үй сатып алуға және білім алуға жұмсалады. Бұл қаражат өскелең ұрпаққа ересек өмірге нағыз жолдама береді. Қор шынымен де ұлттық мәртебеге ие болып, халық игілігіне қызмет ететін болады. Осы ауқымды істі жан-жақты зерделеу қажеттілігін ескере отырып, жобаны 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосуды тапсырамын", - деді Президент.
Міне, "Балалар - біздің болашағымыз" деген сөздің нақ дәлелі! Ел болашағына инвестиция!!!
Балалар жылына арналған ерекше тосын сый!
Дариға Нұрашева,
"Бөрлі жаршысы" газетінің редакторы