30.11.2022, 19:00
Оқылды: 68

«Ұлттың Ұлы мұраты» шарасы өтті

"Қоғамдық жаңғырту" бағдарламасы аясында Шыңғырлау аудандық мәдениет үйінде «Ұлттың Ұлы мұраты» атты шарасы ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2022-11-30 at 17.31.08(1)

Шараның мақсаты – ұлттық мәдениетімізді дамытып, ұмыт болған дәстүрді жаңғырту жолында еңбек еткен жандардың үлесін атап өту.

WhatsApp Image 2022-11-30 at 17.31.14(1) — копия

Салтанатты шара басталмас бұрын алдымен келген қонақтар аудандық мәдениет үйінің фойесінде Халықтық «Торыатбас әуендері» фольклорлық ансамблінің орындауындағы күйлерді тыңдап, би залында Халықтық «Елім-ай» әжелер тобы мен «Айнамкөз» келіндер клубының мүшелері қойған қазақтың ұмыт қалған салт-дәстүрі «Бір киер» көрінісін тамашалады.

WhatsApp Image 2022-11-30 at 17.31.15

Салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасары Азамат Бисембаев аудан көлемінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстарды саралай келе, аталмыш бағдарламаның әр жобасы бойынша жұмыстанған мамандарға алғысхаттар табыс етті. Атап айтқанда, «Ұлттық ойын дағдылары», «Сарқылмас рухани әлем ғажайыптары», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Батырлар жыры-қазақ тарихының кілті», «Туған жер», «Қазақстанның 100 жаңа есімі», «Ұлы даланың ежелгі өнер мен технологиялар музейі» «Түркі әлемінің генезисі», «Сарқылмас рухани әлем ғажайыптары», «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» және«Ұлы даланың ежелгі өнер мен технологиялар музейі» арнайы жобалары аясында тиесілі марапаттарына қол жеткізді.

WhatsApp Image 2022-11-30 at 17.31.11

Шара барысында тамаша ән, терме орындалып, би биленді. Сонымен қатар, Орал қаласынан арнайы келген «Мария ханым» сән салонының ұлттық нақышта тігілген киім үлгілері көпшілікті тәнті етті.

WhatsApp Image 2022-11-30 at 17.31.16

Аман Ізмұхан, 

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале