29.10.2021, 11:35
Оқылды: 115

Ұлы ағартушыға арналған әдеби шара өтті

Ыбырай Алтынсарин – бар саналы ғұмырын туған халқын өнер-білімді, жаңа заманның өркениетті, мәдениетті елдерінің қатарына қосу жолына арнаған көрнекті тұлға. Биыл қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, ақын, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына - 180 жыл.

18
Осы орайда Шыңғырлау аудандық №1 филиал кітапханасы оқырмандарға қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы педагог Ыбырай Алтынсарин туралы және оның еңбегі, шығармашылық мұрасы, ағартушылық қызметі жайында мағлұмат беру, ақынның еңбектерін үлгі ете отырып, оқушыларды еңбекқорлыққа, адамгершілікке, іскерлікке, ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу мақсатында «Дала жұлдызы» атты әдеби сағат шарасын ұйымдастырып өткізді.

16

Шараға Шыңғырлау колледжінің 1-ші, 2-ші курс студенттері және қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінінің оқытушысы Сұлушаш Қалабаева қатысты. Әдеби сағатта Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы бейнерорлик көрсетіліп, сұрақтарға жауап берілді.

19

Студенттер ақынның шығармаларынан өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Соңында шараға белсене қатысқан оқырмандарға кітапхана атынан алғыс хаттар табысталды.

Назира Садықова,

Шыңғырлау ауданы

кітапханашы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале